Азиядағы жағажай ойындары - 2026: Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан күміс жүлдегер атанды

Бүгін, 08:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Азиядағы жағажай ойындары - 2026: Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан күміс жүлдегер атанды
Фото: ҰОК

Әйелдер арасындағы турнирге төрт команда қатысты: Қазақстан, Қытай, Таиланд және Гонконг. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті. Яғни әр құрама бір-бірімен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

Соңғы кезең алдында Қазақстан мен Қытай құрамаларының еншісінде екі жеңістен болды. Сондықтан алтын жүлденің тағдыры қос команда арасындағы тікелей кездесуде шешілді.

Тартысты өткен матчта Қытай құрамасы жеңіске жетті. Қарсыластар үш кезеңде басым түссе, қазақстандықтар бір кезеңде ғана жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 3:1 Қытайдың пайдасына.

Осылайша, қазақстандық спортшылар екінші орынға ие болып, ел қоржынына жағажайдағы Азия ойындарының бесінші жүлдесін салды. Саньядағы додада ел намысын Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай қорғады.