Семей көшесінде дәрет сындырған шетелдіктерге елге кіруге шектеу қойылды
Әлеуметтік желіде Семей қаласындағы Абай даңғылы бойындағы мекеменің жанында күндіз екі шетелдік азаматтың дәрет сындырғаны бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысы Полиция департаментініе сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасының көмегімен құқық бұзушыларды анықтады. Олар 37 және 43 жастағы шетелдіктер болып шықты.
Бейнежазба әлеуметтік желіде оқиғадан бір ай өткен соң жарияланған. Осы уақыт ішінде аталған азаматтар Қазақстан аумағынан шығып кеткен.
Соған қарамастан, олардың әрекетіне құқықтық баға берілді. Полиция аталған тұлғалардың Қазақстан аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Ішкі істер министрлігі тиісті шаралар қабылдау үшін ақпаратты Сыртқы істер министрлігіне жолдады.
Еске сала кетсек, полиция ақтүтек боранда алыс жолға шықпауға кеңес береді.