Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогында күміс жүлдегер атанды
13 шілде, 2025
Фото: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жалпы жылдамдық бағдарламасы бойынша Қазақстан атынан сегіз спортшы сынға түсті.
Жарыстың негізгі бөліміне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов шықты.
Ришат финалға дейін жетіп, АҚШ спортшысы Самуэль Уотсонға жол берді. Осылайша күміс медальға ие болды. Қола жүлде тағы бір америкалық спортшы Зак Хаммерге бұйырды.
Ал Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде екінші орынды иеленді. Дегенмен жарыстың негізгі бөлімінде ширек финалға дейін жетіп, испаниялық Эрик Ноя Кардонаға есе жіберді.
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңіне 31 елден 312 спортшы қатысып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:33
Қазақстандық үш спортшы спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогына қатысады
Бүгін, 10:45
Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
19 тамыз, 2026
Қазақстан әйелдер құрамасының Азия чемпионатына баратын құрамы белгілі болды
19 тамыз, 2026
Мажарстандағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар дзюдошылар анықталды