Референдум қорытындысы: Жаңа Конституцияны дауыс берушілердің 87,15 пайызы қолдады
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы 15 наурыздағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының ұсынған хаттамалары негізінде ҚР Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды:
референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны – 12 482 613;
дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12 пайыз;
референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15 пайызы;
референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099;
жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558», делінген хабарламада.

Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан референдум өтті деп есептелді.
«Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екiсiнде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады», делінген ОРК хабарламасында.
Еске салсақ, кеше Орталық референдум комиссиясы референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялады. Онда жаңа Конституцияны 7,9 млн қазақстандық қолдағаны айтылды.