Референдумда жаңа Конституцияны 7,9 млн қазақстандық қолдады
16 наурыз, 2026
Фото: ҚТЖ
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ОРК ұсынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар 12 482 613 Қазақстан азаматы тіркелген.
«Референдумға қатысуға құқығы бар 9 127 192 азамат дауыс беруге қатысты немесе 73,12 %. Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 954 667 адам немесе 87,15 %», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама деректері бойынша референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған.
Ұқсас жаңалықтар
2 мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Польша Президенті мен Премьер-министріне ризашылық білдірді
30 сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королін мерейтойымен құттықтады
30 сәуір, 2026
Президент Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
30 сәуір, 2026
Тоқаев Халықаралық кинология федерациясының президентін қабылдады