Қостанайда пробация есебіндегі азаматтарға арналған «ЖұмысLive» акциясы өтті

Бүгін, 19:03
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Қостанайда пробация есебіндегі азаматтарға арналған «ЖұмысLive» акциясы өтті
фото: polisia.kz

Қостанайда пробация есебіндегі азаматтарға арналған «ЖұмысLive» акциясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Акция пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға кешенді қолдау көрсетуге бағытталған. Акция тек жұмысқа орналастырумен шектелмей, әлеуметтік, тұрмыстық және құқықтық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Оның басты мақсаты – азаматтарды қоғамға бейімдеу, әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыру және қайталама, құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Акцияға есепте тұрған соталғандар тарапынан 200 адам қатысып, керекті ақпаратпен хабардар болды. «ЖұмысLive» акциясы – тек жұмысқа орналастыруға ғана емес, әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіз болашаққа жол ашатын кешенді қолдау.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жұмысқа шақыратынын жаздық.