Астанада мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жұмысқа шақырады

Астанада мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жұмысқа шақырады
Фото: Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ішкі істер органдарына қатардағы және кіші басшы құрамына жұмысқа шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру;

- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты өсіп отыратын тұрақты және уақтылы лауазымдық жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

- тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы қарастырылған;

- арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см, білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына), денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссия анықтайды).

Толық ақпарат алу үшін Астана қаласы, Сырдария көшесі, 16 мекенжайы, 57-90-50, 8-707-554-96-34 (Серік Ғабдуллин), 8-777-433-30-81, 8-775-342-29-92, 8-702-282-82-90, 8-702-236-36-33 телефон нөмірлері, gabit77_kz @mail.kz электрондық мекенжайы бойынша хабарласу қажет.