Қостанай облысындағы екі ауыл қайтарылған қаражат есебінен ауызсумен қамтамасыз етілді
Қостанай облысындағы Қарабалық ауданының Михайловка және Славенка ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен іске асырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Қостанай облысындағы Қарабалық ауданының Михайловка және Славенка ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен іске асырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды
Жобаны іске асыру тұрғындарды сапалы ауызсуға тұрақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Жобалар шеңберінде 16 шақырым су құбыры желілері салынды және су тарату пункті орнатылды, бұл шамамен екі ауылдағы 700 адамды таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.
Құрылған инфрақұрылым сенімділік пен қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкес келеді, бұл коммуналдық қызмет көрсету деңгейін және халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттырады.
2025 жылы Қостанай облысында қайтарылған активтерді қаржыландыру есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында барлығы 16 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы тағы 9 денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу және жаңғырту жоспарланған.
Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында болады.
Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратураның референдум барысында шағым түспегенін хабарлағанын жаздық.