Референдум барысында шағым түскен жоқ – Бас прокуратура

Референдум барысында шағым түскен жоқ – Бас прокуратура
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Еліміздің жаңа Конституциясы бойынша рефрендумда дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, прокуратура органдарына референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ. Сондай-ақ сот органдарына да талап-арыздар енгізілмеген.

«Бүгін дәл қазіргі жағдайда заңсыз сауал салу және үгіт жүргізгені үшін жауапқа тарту фактілері болған жоқ. Қадағалауды қамтамасыз етуді жалғастырудамыз», – деді спикер «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өтіп жатқан брифинг барысында.

Еске сала кетсек, ІІМ референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты деп мәлімдеген еді.