Референдум-2026

Қазақстандық волейболшылар U18 Азия чемпионатында бақ сынайды

Бүгін, 17:26
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық волейболшылар U18 Азия чемпионатында бақ сынайды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы волейболдан AVC Boys’ U18 Volleyball Championship 2026 турниріне қатысады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақстандық волейболшылар «C» тобында өнер көрсетіп, Пәкістан, Таиланд, Қырғызстан құрамаларымен кездеседі.

Ұлттық құраманың тізімі төмендегідей: Бөлежан Төрежан, Данабек Нұрсұлтан, Құнұрқұлжинов Дегдар, Хасанов Ахметжан, Қаршыға Нұржан, Ахмет Мейрамбек, Ботанов Ілияс, Шалқыбай Арсен, Серік Олинұр, Ермеков Ернұр, Қали Темірлан, Әлімжанов Жамшид, Баубеков Алан, Бадауғали Нұрлыхан.

Айта кетейік, турнир 12-18 шілде аралығында өтеді.

Еске салайық, бокстан Ақнұр Тұрсынғали U19 Азия чемпионатының жартылай финалына өтті.