Қазақстандық лоукостер наурыздан бастап тегін алып жүретін жүк нормасын ұлғайтады

Қазақстандық лоукостер наурыздан бастап тегін алып жүретін жүк нормасын ұлғайтады
Фото: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan тегін қол жүк нормасына өзгеріс енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы 1 наурыздан бастап әуекомпаниясының жолаушылары осыған дейінгі 5 кг орнына салмағы 7 келіге дейінгі қол жүгін алып жүре алады. Жүк өлшемдері өзгеріссіз – 56×23×36 см болып қалады.

Жаңа ережелер 2026 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді және осы күннен бастап орындалатын рейстерге рәсімделген барлық әуебилетіне, оларды сатып алған күніне қарамастан қолданылады. Ал 28 ақпанға дейін орындалатын рейстер бұрынғы талап бойынша, яғни бір жолаушыға 5 келіге дейінгі қол жүк нормасымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жолаушы өзімен бірге белгіленген салмақ пен өлшем талаптарына сәйкес келетін бір ғана жүк алып жүре алады. 

Еске сала кетсек, Кипрге Астана және Алматыдан ұшып баруға болады.