Кипрге Астана және Алматыдан ұшып баруға болады

Кипрге Астана және Алматыдан ұшып баруға болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Air Astana» әуекомпаниясы Кипр Республикасының Ларнака қаласына тұрақты рейстерге билет сата бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Маусымнан бастап қыркүйек айына дейін әуетасымалдаушы Астана және Алматы қалаларынан Ларнака қаласына Airbus A321LR ұшағымен тұрақты рейстер орындайды.

Астанадан рейс 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 40 минут, кері 5 сағат 5 минут.

Алматыдан рейстер 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндерге жоспарланған. Ұшу ұзақтығы 6 сағат 5 мин., кері 5 сағат 30 мин.

Еске сала кетсек, Астана мен Балқаш арасында ұшақпен қатынауға мүмкіндік туды.