Астана мен Балқаш арасында ұшақпен қатынауға мүмкіндік туды

Астана мен Балқаш арасында ұшақпен қатынауға мүмкіндік туды
Фото: Көлік министрлігі

Биыл маусым–тамыз айлары аралығында «Астана – Балқаш – Астана» бағыты бойынша күн сайын әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Рейстерді QAZAQ Air әуе компаниясы орындайды. Әуе қатынасын Көлік министрлігі ұйымдастырады.

Билет құны бір бағытқа 16 мың теңге. Ұшу кестесі қосымша хабарланады. Рейстерге сыйымдылығы 78–86 жолаушыға арналған Bombardier Q-400 әуе кемелері тартылады.

Әкімдіктің хабарлауынша, қазіргі уақытта «Алматы–Балқаш–Алматы» бағыты бойынша рейстерді орындауға авиакомпанияны айқындау үшін конкурс өткізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында әуежай салынып жатыр.