Қазақстандық ауыр атлет Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды

12 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық ауыр атлет Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды
olympic.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Артем Антропов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

110 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті. 

Ең үздік мүмкіндігінде ол 223 келіні еңсерді. Бұл жаттығуда өзбекстандық Акбар Джураев (227 келі) топ жарса, ирандық Алиреза Насири (224 келі) екінші орын алды.

Айта кетейік, жұлқа көтеруде Артем жетінші орынға ие болса, қоссайыстың қорытындысы бойынша бесінші орынға тұрақтады.