07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақ студенті Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақ студенті Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігінен

Қытай Халық Республикасында өткен BRICS National Vocational Skills Championships халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында «Деректерді талдау және визуализация» құзыреттілігі бойынша қазақстандық студент жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Ғаббас Сағыныш әлемдік деңгейдегі додада ІІІ орын иеленіп, қола медаль жеңіп алды.

Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан.

Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша чемпионаттың штаб-пәтері Маңғыстау энергетикалық колледжін «Болашақ технологиялар мен дағдылар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Сонымен қатар тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлауда.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗