Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде банк саласын дамытудың өзекті мәселелері, қазіргі геосаяси жағдайдың аймақ елдері экономикасына әсері, сондай-ақ қаржы секторында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану перспективасы талқыланды.