Мемлекет басшысының инфрақұрылымды жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде осы жылы бүкіл ел бойынша теміржолдардың елеулі учаскелері күрделі жөндеумен қамтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пойыздардың жылдамдығын арттыру үшін 11 мың шақырым теміржолға жөндеу жұмыстарын жүргізу міндетін қойды.
Ұлттық компания басшысы баяндағандай, жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Бүгінгі таңда 4 375 шақырым жол жөнделді. Қолданыстағы желілерді жөндеумен қатар жаңа желілердің белсенді құрылысы және жалпы ұзындығы шамамен 3 мың шақырым учаскелерде заманауи автоблоктау жүйелерін енгізу жүргізілуде.
«Мемлекет басшысының 11 мың шақырым темір жолды жөндеу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында бүгінгі күні 4 375 шақырым жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ 7 учаскеде автоблоктауды жаңғырту және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарлануда», - деп атап өтті ҚТЖ басқарма төрағасы.
Бұған дейін Үкімет отырысында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев республика бойынша жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарын жөндеу және өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары туралы баяндаған болатын.