Астанада Президент кубогы үшін ерлер мен әйелдер арасында ITF World Tennis Tour турнирінде жұптық сында жартылай финалға шыққандар анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әйелдер арасында қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова – Іңкәр Дүйсебай ширек финалда беларусьтік Владислава Зверева – грузиялық Зоза Кардаваны ұтты – 7:6 (7:4), 6:0.
Арыстанбекова – Дүйсебай финалға шығу үшін беларусьтік Аглая Фёдорова – Дарья Хомутянскаямен таласады.
Кенжебаева – ресейлік Алиса Кюммель ширек финалда қазақстандықтар Аружан Нұранбай – Сәтима Төрегенді жолдан тайдырды – 6:1, 7:5.
Ерлер арасында 17 жастағы Әмір Омарханов түркиялық Мерт Алкаймен бірге қарсыластары матчқа келмегендіктен, ойнамастан жартылай финалға шықты.
Жарыстың 1-ракеткалары Григорий Ломакин – ресейлік Александр Лобанов ширек финалда қазақстандықтар Ілияс Маратұлы – Тайыр Сармановты жолдан тайдырды – 6:1, 7:5.
Кенжебаева, Омарханов және Ломакиннің жұптық сында жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.