Парламент «ҚР Президенті туралы» заң жобасын мақұлдады
Парламент «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент палаталарының заң жобасы бойынша бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Үнзила Шапақ, ал Сенаттан Бибігүл Жексенбай, Сергей Карплюк, Марат Қожаев, Андрей Лукин кірді. Комиссия төрайымы болып Үнзила Шапақ сайланды.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың мәлімдеуінше, заң жобасы «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» конституциялық формуласына негізделген мемлекеттік басқарудың заманауи әрі орнықты моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Жоба мемлекеттік биліктің жаңартылған конституциялық архитектурасы жағдайында Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызмет тетіктерін жүйелі түрде айқындайды.