Мәскеудегі сайлау учаскесіне алғаш рет дауыс беруші азаматтар келді
Мәскеуде Қазақстан Елшілігінің жанындағы сайлау учаскесіне өз өмірінде алғаш рет дауыс беруші жастар келді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың қатарында биыл мектеп бітірген Алина Қасымжан да бар. Ол өз таңдауын елдің игілігі үшін жасағанын айтып, Құрылтай депутаттарының сайлауын Қазақстан өміріндегі маңызды оқиға деп бағалады.
«Бүгінгі сайлау жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды элементі болады деп санаймын. Мұның бәрі Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығында өтіп жатқанының символдық мәні бар», – деді Алина Қасымжан.
Еске салайық, бұдан бұрын Ресейдегі қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беріп жатқаны туралы жаздық.