Ресейдегі қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беріп жатыр
Ресейдегі ҚР азаматтары бүгін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруде. Мәскеуде Қазақстан Елшілігінің жанындағы учаскесі ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәскеудегі учаскеде бірінші болып Біріккен ядролық зерттеулер институтының (Дубна қ., Мәскеу облысы) қызметкері Ержан Мұхамеджанов дауыс берді.
«Біз бүгін таңертең ерте тұрып, Дубнадан учаскесінің ашылуына үлгеру үшін шықтық. Азаматтық борышымызды өтеуге келдік. Қазіргі реформалар, соның ішінде Парламенттің өзгеруі елдегі саяси процестердің маңызды бөлігі болып табылады. Құрылтай депутаттарын сайлау үшін конституциялық құқығымызды пайдалану өте маңызды деп санаймыз», - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін шетелдердегі 26 сайлау учаскесі жұмысын бастағаны туралы жаздық.