11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Әлем кубогының екінші күніндегі қазақстандық боксшылардың нәтижесі қандай

|
Photo: Фото: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Әлем кубогының екінші күніндегі қазақстандық боксшылардың нәтижесі қандай

|
Photo: Фото: olympic.kz

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан әлем кубогының бірінші кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыстың екінші күні шаршы алаңға ұлттық құраманың бес боксшысы шықты. Олардың ішінде тек Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) ғана жеңіске жетті. Ол үндістандық Нарендерді ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

54 келі салмақ дәрежесінде Анита Әдішева польшалық Виктория Рогалиньскіге жол берді.

60 келіге дейінгі салмақта Талғат Сырымбетов бразилиялық Луис Оливейрадан жеңілді.

50 келіге дейінгі салмақта Нұрзат Оңғарұлы өзбекстандық Асылбек Жалиловке есе жіберіп, турнирді аяқтады.

65 келі салмақ дәрежесінде Алмат Абдуәлі бразилиялық Юри Рейес Фалькаомен кездесіп, жеңіліс тапты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗