Келесі жылдан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 10%-ға артады

Бүгін, 15:46
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Келесі жылдан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 10%-ға артады
Фото: ОКҚ

Келесі жылдан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 10%-ға артады, деп хабарлады Elordainfo.kz Орталық Коммуникациялар Қызметіне сілтеме жасап.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – ел азаматтарының конституциялық кепілдіктерінің бірі. Олар еңбек өтіліне және жұмысының болуына қарамастан төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтты.

«Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне байланысты болады. Жыл сайын инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, оларды индекстеу жүргізіледі. Мәселен, келесі жылдың басынан бастап жәрдемақы мөлшері 10%-ға артады. Қазіргі уақытта 543 мыңға жуық адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы алады, жыл басынан бері төлемдерге 467,2 млрд теңге бағытталды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұған дейін мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша төлемдерге 681 млрд теңге бағытталғанын жаздық.