Jibek Joly туристік пойызы жаңа халықаралық бағытпен сапарға шығады

Бүгін, 08:34
Думан Аманжол Думан Аманжол
Jibek Joly туристік пойызы жаңа халықаралық бағытпен сапарға шығады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

20-25 наурыз күндері Jibek Joly пойызы жаңа маршрут бойынша жолға шығады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба аясында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтитын трансшекаралық туристік сапар ұйымдастырылады.

Пойыз Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы бағытымен жүреді. Бірнеше күнге созылатын сапар барысында туристер өңірдегі маңызды тарихи, мәдени және рухани орталықтармен танысу мүмкіндігіне ие болады.

«Жобаның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдері арасындағы туристік ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайту және бірлескен трансшекаралық туристік бағыттарды ілгерілету», делінген хабарламада.

Маршрут аясында қатысушылар үшін экскурсиялар ұйымдастырылып, тарихи-мәдени нысандарды аралау, сондай-ақ өңір елдерінің дәстүрі мен мәдениетін таныстыратын түрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі.

Еске салсақ, елімізде пойыздардың жылдамдығын арттыратын жаңа цифрлық жабдық пайдалануға берілген болатын