Пойыздардың жылдамдығын арттыратын жаңа цифрлық жабдық пайдалануға берілді - ҚТЖ

Бүгін, 16:28
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Пойыздардың жылдамдығын арттыратын жаңа цифрлық жабдық пайдалануға берілді - ҚТЖ
Фото: ҚТЖ

Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде қазіргі заманғы автоматтандыру жүйелері енгізіліп жатыр. Осы мақсатта «Қызылжар – Сексеуіл» учаскесіндегі жаңа цифрлық жабдықтар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап. 

Интервалды реттеудің цифрлық жүйесі арқасында теміржолдың өткізу қабілеті жоғарылап, тәулігіне 8-ден 20 жұп жүк пойызына дейін өспек. 
    
Бүгінгі таңда бағдарлама шеңберінде бірден 7 осындай жоба іске асырылып жатыр. Оның мақсаты - автоблоктаудың озық жүйелерін енгізу және жалпы ұзындығы 3 000 км темір жолдарды кешенді жаңарту. 

«Бұл жобаны іске асыру жүктерді жедел жеткізу және ұлттық экспортты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - делінген хабарламада. 

Магистральдардың өткізу қабілетінің өсуі Қазақстан көлік дәліздерінің халықаралық транзит үшін тартымдылығын арттырады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырғаны туралы жаздық.