05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Есірткі дүкенін құрды деп күдікке ілінгендер шетелде ұсталды

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Есірткі дүкенін құрды деп күдікке ілінгендер шетелде ұсталды

|
Photo: Фото: freepik.com

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Қаскөйлер есірткі және психотроптық заттарды сату, оларды тұтынуға итермелеу, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу, лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деп күдікке ілінген.

«2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды.

Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартумен, сондай-ақ барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗