Елордалық боксшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін, 12:14
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық боксшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Ел намысын қорғаған астаналық боксшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының спортшысы, 75 келідегі әлем чемпионы Валентина Хальзова 1/2 финалда Қытай боксшысы Зи Баомен жұдырықтасты.

Тәжірибелі отандасымыз қашықтықта жұмыс істеп, қарсыласының әр шабуылын толықтай бақылау алуға тырысты. Ал Қытай боксшысы 3 раунд бойы тоқтаусыз шабуылда болды. Нәтижесінде төрешілер 3:1 есебімен жеңісті Зи Баоға берді.

Осылайша астаналық боксшы Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

Еске салсақ, бұған дейін боксшы Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.