Боксшы Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті

Боксшы Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Моңғолия астана Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Боксшы 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында жапониялық Тайга Ягимен жұдырықтасты.

Сабыржан үш раунд бойы қарсыласын қыспаққа алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Еске сала кетсек, Ертуған Зейнуллинов те осы біріншіліктің ширек финалында жеңіске жетті.