Боксшы Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті

Боксшы Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен жұдырықтасты. 

Үш раундтың қорытындысы бойынша Ертуған Зейнуллинов 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бүгін, кешкі сессияда Валентина Хальзова (75 келіге дейін) мен Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Еске салсақ, Махмұд Сабырхан біріншілікті жартылай финалға жолдама алды.