Боксшы Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында жеңіске жетті

Боксшы Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында жеңіске жетті
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Шахзод Музафаровпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Махмұд Сабырхан 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін күндізгі сессияда Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алған еді.

Еске сала кетсек, Жазғы Азия ойындарына Қазақстанның 500-ге жуық спортшысы қатысады.