Референдум-2026

Елордада таксиде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамалды – ВИДЕО

Бүгін, 14:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада таксиде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамалды – ВИДЕО
Фото: видеодан скрин/police_astana

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері такси жүргізушісіне қатысты жолаушының құқыққа қайшы әрекет жасағанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жарияланған бейнежазбада ер адамның көлік салонында қызға тиісіп, балағат сөздер айтқаны көрінеді.

Аталған факт бойынша 39 жастағы құқық бұзушы – Данияр Ахметов анықталды.

Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.

Соттың шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.

Еске сала кетейік, Астанада мас күйінде көлік жүргізген әйел ұсталды.