Референдум-2026

Астанада мас күйінде көлік жүргізген әйел ұсталды – ВИДЕО

Бүгін, 13:06
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада мас күйінде көлік жүргізген әйел ұсталды – ВИДЕО
Фото: видеодан скрин/police_astana

Астанада көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқару фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 26 жүргізушіні анықтады.

Осындай фактілердің бірін Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері таңғы сағат 5:00 шамасында Қорғалжын тасжолында анықтады.

Полицейлер Chery маркалы автокөлікті тоқтатқан. Оның тізгінінде елорданың 43 жастағы тұрғыны болған. Тексеру барысында әйел адамның алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Ол мерекелік отырыстан қайтып келе жатқан.

«Құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен әйел адам 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті мас күйіндегі жүргізушілерді анықтауға бағытталған профилактикалық және рейдтік жұмыстарды жалғастыруда.

Полиция азаматтарды алкоголь ішкеннен кейін көлік жүргізбеуге және өзгелердің де мас күйінде рөлге отыруына жол бермеуге шақырады.

Еске сала кетейік, Астананың «Сарайшық» ауданында түнгі профилактикалық рейд өтті.