Елордада алты автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді

Елордада алты автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Фото: City Transportation Systems

Елордада алты автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems жолауышлар тасымалы компаниясына сілтеме жасап.

Компанияның мәлімдеуінше, №№ 1, 20, 43, 61, 70 бағдарлардың және № 502 қала маңы автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.

Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің «Денсаулық бақыт ТҮК» аялдамасына тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамаларда уақытша отырғызып/түсірмейді.

Еске сала кетсек, Астанада А.Бараев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектелді.