Астанада Бараев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Астанада Бараев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Орташа жол жөндеу аясында А. Бараев көшесінде Ш. Уәлиханов көшесі қиылысынан Асан Қайғы көшесіне дейінгі аралығында жол жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Осыған байланысты 20-21 маусым аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.


«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгісі орнатылады», делінген хабарламада. 

Еске салсақ, 16 маусымнан бастап А. Бараев көшесінде Республика даңғылынан Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі учаскеде орташа жол жөндеу жұмысы жүргізілді.