Домбыра – ұлттық болмыс пен ұрпақтар сабақтастығының символы – Темірлан Қайыржанов
«Тұран-Астана» университеті Жастар істері жөніндегі департаментінің директоры Темірлан Қайыржанов Ұлттық домбыра күніне орай Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысының мерекелік құттықтауына пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық домбыра күніне арналған құттықтауында қазақтың қасиетті аспабының халық тарихы мен мәдениетіндегі ерекше орнына тоқталғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, домбыраны ұлттық болмыстың, рухани мұраның және ұрпақтар сабақтастығының символы ретінде бағалады. Сондай-ақ қазақтың музыкалық мәдениетін елімізде және шетелде сақтау мен дәріптеудің маңыздылығына ерекше назар аударды», – деп жазды Темірлан Қайыржанов.
Оның айтуынша, Президент тарихи-мәдени мұраны қолдау жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының бірі екенін де ерекше атап өткен.
Темірлан Қайыржановтың пікірінше, Ұлттық домбыра күні – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақтың бай рухани мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік беретін маңызды мереке.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 5 шілде күні Астанада Домбыра күніне орай мультимедиалық шоу өтеді.