Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы елордада Монаконы қабылдайды

Бүгін, 08:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы елордада Монаконы қабылдайды
Фото: olympic.kz

6-7 ақпан аралығында Астанада Дэвис кубогы іріктеу кезеңінің матчтары өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы бірінші әлемдік топ аясында элитадағы орнын сақтап қалу үшін Монако құрамасымен кездеседі.

Қазақстан құрамасы өз жерінде өтетін кездесуге барынша мықты құраммен шығады. Бапкерлер штабы барлық көшбасшыны сапқа қосты. Елордадағы кортта Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Денис Евсеев өнер көрсетеді.

Матчтар Beeline Arena ұлттық теннис орталығының жабық хард кортында өтеді. Турнир бағдарламасына төрт жекелей матч және бір жұптық кездесу кіреді.

Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасы Davis Cup Nations Ranking рейтингінде 31-орында тұр, ал Монако құрамасы 44-сатыда орналасқан.