Дэвис кубогы: Қазақстан мен Монако арасындағы матч жеребесі тартылды

Бүгін, 16:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дэвис кубогы: Қазақстан мен Монако арасындағы матч жеребесі тартылды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Астанада Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобы аясында 6-7 ақпан күндері өтетін Қазақстан мен Монако арасындағы плей-офф матчының жеребесі тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Алғашқы ойын күні, 6 ақпанда жарыс шымылдығын Қазақстан уақыты бойынша сағат 15.00-де әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен монаколық Уго Нис ашады. Содан кейін кортқа Александр Шевченко мен Валантен Вашро шығады.

Сенбіге үш кездесу белгіленген. Beeline Arena ұлттық теннис орталығында алдымен Александр Шевченко – Бейбіт Жұқаев және Роман Арнеодо – Уго Нис жұптары ойнайды. 

Бұдан соң қос команданың көшбасшылары Александр Бублик пен Валантен Вашро шеберлік байқасады. Сосын ешқандай өзгеріс болмаса, Александр Шевченко мен Уго Нис доданы түйіндейді. 

Үш ойында жеңген команда жеңімпаз атанып, алдағы жылы болатын Дэвис кубогының іріктеу турына жолдама алады.

Айта кетейік, биыл Астанада дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі ұйымдастырылады.