Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады

Бүгін, 15:08
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

80 келіден жоғары салмақтың финалында Исламбекова үндістандық Алфия Патханға қарсы шаршы алаңға шықты.

Алғашқы раундтан Дина басымдықты өз қолына алды. Бастапқы үш минутта қарсыласын нокдаунға жіберді. Одан кейін де үстем бола отырып, үшінші раундта тағы да қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде Исламбекова айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

«Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады. Надежда Рябец (80 келіге дейін) чемпион атанса, Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды», делінген хабарламада.

Еске салсақ бұған дейін Надежда Рябец алтын олжалап, ал Бақыт Сейдіш күміс жүлдегер атанғанын жаздық