05.12.2025
RU
Мәзір

«Бәрінен айырылдым»: есірткі тұтынып, төрт рет түрмеде отырған ер адам ата-аналарға үндеу жасады

|
«Бәрінен айырылдым»: есірткі тұтынып, төрт рет түрмеде отырған ер адам ата-аналарға үндеу жасады
Фото: freepik.com

Жамбыл облысында полиция департаменті азаматтарға бұрын есірткі тұтынған және төрт рет түрмеде отырған ер адамның өмірі мен тәуелділіктің ауыр салдары туралы ашық айтқан бейнеролик жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, есірткі тек денені ғана емес, миды да бұзады.

«Адам есірткіге тәуелді болған сәттен бастап өзін-өзі басқара алмай қалады. Кезекті дозаны табу үшін бәріне барады. Өтірік айтады, ұрлыққа істейді, манипуляция жасайды. Мен бәрінен айырылдым. Отбасымнан. Сенімнен. Үш ұлымнан. Үлкенім қазір 30 жаста… Өте қатты сағынамын», - деді ол.  

Ер адам жасөспірімдері бар ата-аналарға маңызды белгілерге назар аударуды ескертті. Егер баладан күйген пластмассаға ұқсас өткір иіс шықса – бұл синтетикалық есірткіні қолданудың белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ол нарколог мамандарға және құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырады. Оның мойындауы – жеке тәжірибе ғана емес, ескерту болып табылады.

Халықпен дәл осындай ашық диалог орнату үшін өңірде «Заң мен тәртіп» қағидаты жалғасып келеді. Оның міндеті – ата-аналарға, оқушылар мен жастарға есірткінің нақты салдарын түсіндіру, өмірлік мысалдарды көрсету.

Бұған дейін елордада есірткіні жарнамалаған үш азамат сотталған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗