03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Есірткіні жарнамалағаны үшін үш астаналық азамат сотталды

|
Photo: freepik.com
Есірткіні жарнамалағаны үшін үш астаналық азамат сотталды
Фото: freepik.com

Есірткіні жарнамалағаны үшін үш астаналық азамат сотталды

|

Мектептер мен аялдамаларда, жағалау маңындағы жаяу жүргіншілер жолына есірткі мен психотроптық заттарды насихаттайтын сайттың жарнамалық жазуларын салған елорданың үш тұрғыны бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның мәліметінше, кінәлілердің бірі жарнамалық жазуларды куратордың нұсқауымен қолданса, екіншісі кураторға есеп беру үшін оларды суретке түсірген. Үшіншісі оларды көлікпен тасып, қылмыстық әрекеттерінің жолын кеспеуін қадағалаған. Әрбір жарнама үшін олар куратордан 25 000 теңге алған. Тыйым салынған заттардың кезекті жарнамасын жасағаннан кейін полиция қызметкерлері қылмыскерлерді ұстаған.

Кінәлілердің әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы есірткі, психотроптық және сол тектес заттарды насихаттау әрі заңсыз жарнамалау бойынша кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын ескертті.

Бұған дейін Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысының алдын алу үшін жүргізілді тексеру кезінде есірткі таратуды қосымша табыс көзіне айналдырған ер адамның ұсталғанын жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗