Азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек – Бектенов
21 қазан, 2025
Фото: primeminister.kz
Үкімет отырысында Премьер-министр телефон және интернет-алаяқтық жағдайлары көбейіп жатқанына және олардың дені шетелдік нөмірлердің және ұлттық жүйемізде тіркелмеген құрылғылардың көмегімен жасалатынына назар аудартты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жасанды интеллект және Ішкі істер министрліктері осындай заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою жұмыстарын күшейтуі қажет.
Деректер базасынан азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек. Мұндай талап мемлекеттік органдармен қатар, қаржы ұйымдарына, мобильді операторлар мен жеке бизнеске де қатысты болуы тиіс», - деп атап өтті Премьер-министр.
Айта кетейік, бұған дейін 2027 жылға қарай халықтың 100 пайызы интернетпен қамтылатынын жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
26 маусым, 2026
Олжас Бектенов Melco Resorts & Entertainment басшысы Лоуренс Хомен Alatau city-ді дамыту аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
26 маусым, 2026
Коммуналдық саланы және электр энергетикасын жаңғыртуға 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды - Үкімет
26 маусым, 2026
Елімізде инфляция деңгейі 10,4%-ға дейін төмендеді - Бектенов
26 маусым, 2026
Елімізде 1 миллионнан астам адам жасанды интеллект негіздерін оқыды - Премьер-министр