05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогын жеңіспен бастады

|
Photo: Фото: Қазақстан теннис федерациясынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогын жеңіспен бастады

|
Photo: Фото: Қазақстан теннис федерациясынан

Кореяның Чунчхон қаласында Дэвис кубогы I әлемдік тобының плей-офф кезеңі аясында Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы матч басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұған дейін қос құрама екі рет кездескен. 2007 жылы корейліктер 5:0 есебімен жеңіске жетсе, 2010 жылы Астанада қазақстандықтар дәл сондай есеппен қарымта қайтарған.

Бүгін кортқа Александр Шевченко мен әлемдік рейтингтің бұрынғы 19-ракеткасы Чон Хён шықты.

Бір жарым сағатқа созылған матчта Шевченко 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл – оның Қазақстан құрамасы сапында Дэвис кубогы аясында өткен жекелей сайыстағы екінші жеңісі.

Шевченконың жеңісінің арқасында Қазақстан командасы есепте алға шықты. Келесі болып Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик бақ сынайды. Оның қарсыласы – 2021 жылғы ATP 250 Astana Open турнирінің чемпионы Квон Сун У.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗