Қазақстандық теннисші Жапониядағы жарыстың ширек финалына өтті
22 қазан, 2025
Фото: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отандасымыз жұптық сында өнер көрсетуде.
Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) мексикалық Джулиана Олмос пен индонезиялық Алдила Сутджиаджи жұбымен кездесті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч Данилина мен Круничтің жеңісімен аяқталды – 6:1, 6:3.
Айта кетейік, Анна Данилина/Александра Крунич ширек финалда Николь Меликар (АҚШ) / Сюй Ифань (Қытай) жұбымен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астана тұрғындарына тілегін арнады
22 наурыз, 2026
Боксшы Нұрбек Оралбай Наурыз мейрамына өз тілегін арнады
21 наурыз, 2026
Ауыр атлет Едіге Емберді Наурыз мейрамына қатысты жылы лебізін білдірді
21 наурыз, 2026
Шорт-трекші Абзал Әжғалиев елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады