07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты

|
Photo: Фото: ktf.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты

|
Photo: Фото: ktf.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті рет командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алып, өз есімін тарихқа тағы да жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«D» тобындағы қорытынды матчта Юрий Щукиннің шәкірттері Колумбия құрамасын 2:0 есебімен ойсырата ұтты. Бірінші кездесуде Юлия Путинцева Валентина Ариасты 6:0, 6:1 есебімен жеңді. Екінші ойында Елена Рыбакина өз шеберлігін көрсетіп, Юлиана Лизаразоны 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп Қазақстанға шешуші ұпайды әперді. 

Бірінші матчта Қазақстан командасы Билли Джин Кинг кубогының жеті дүркін чемпионы әрі корт иесі Аустралия құрамасын қапы қалдырды.

Кубоктың финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйекте өтеді. Бұл Азиядағы турнирлер сериясы кезінде ойыншылар үшін қолайлы. Жарыс қожайыны Қытай мен әлем чемпионы Италия және Қазақстан финалға жолдама алды. Қалған бес команда топтық бәсекелер қорытындысы бойынша анықталады.

Брисбенде ұлттық құраманы қолдау үшін Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов арнайы келді. Ол матчтан кейін барлық теннис жанкүйерлерін осынау жетістікпен құттықтады.

«Барша теннис жұртшылығы атынан қазақстандықтарды осы елеулі оқиғамен құттықтаймын. Біздің команда өз тарихында үшінші рет ең беделді командалық турнирдің финалдық кезеңінде өнер көрсетеді. Біз бұдан бұрын 2022 және 2023 жылдары финалдық кезеңде ойнадық. Бүгін күллі Қазақстан спорты үшін маңызды күн. Командалық әлем чемпионатына қатысу біздің команда мен барлық теннис жүйесінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Бұл – көпжылдық қажырлы жұмыстың нәтижесі, бұл біздің бағытымыздың дұрыс екендігін таныта түседі. Бұл табыс – тек мақтаныш қана емес, сонымен қатар елдегі жас теннисшілерді жаңа асуларға жетуге жігерлендіреді. Олар қазақстандық спортшылардың әлемдік теннистің ең жоғары деңгейіне сай өнер көрсеткенін көрді. Бұл оларды алға сеніммен нық қадам басуға шабыттандырады», - деді Болат Өтемұратов.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗