25.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ауыл мектептері оқушыларына арналған олимпиаданың республикалық кезеңі басталды

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ауыл мектептері оқушыларына арналған олимпиаданың республикалық кезеңі басталды

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігінен

Бүгін Астанада ауыл мектептерінің 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша төртінші (қорытынды) кезеңі басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дәстүрлі олимпиаданың мақсаты – ауыл оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау және мамандық таңдауға қолдау көрсету.

Республикалық кезең жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша екі турдан өтеді. Қорытынды сайысқа еліміз бойынша 475 оқушы іріктелген.

Айта кетейік, былтыр бастапқы кезеңге 99 264 оқушы қатысса, биыл 125 мың оқушы тіркелді. Бұл ауыл мектептері оқушыларының зияткерлік сайыстарға ынтасы мен белсенділігі артқанын көрсетеді.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар жеңімпаздарға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлық гранттары табысталатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗