Астаналық спортшы VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш жүлде иеленді

11 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық спортшы VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш жүлде иеленді
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен

Ар-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржыны тағы үш жүлдемен толықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыстың кезекті күнінде ауыр атлетикадан ерлер арасында 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған елордалық Едіге Емберді серпе көтеруде 191 келіні еңсеріп күміске қол жеткізді.

Ал жұлқа көтеруде 152 келіні бағындырса, қоссайыс қорытындысында 343 келіні басынан асырып, қос қолаға ие болды.

Айта кетейік, қазір Ұлттық құрама еншісінде 17 медаль (3 алтын, 6 күміс, 8 қола) бар.