07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада теннистен Президент кубогы басталды

|
Photo: Фото: ktf.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада теннистен Президент кубогы басталды

|
Photo: Фото: ktf.kz

Астанада дәстүрлі Президент кубогы атты халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Екі апта бойы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының жазғы хард жабынындағы корттарында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour сериялары аясында жарыстар өтеді.

Турнир аясында ATP Challenger сериясындағы ерлер арасындағы жекелей және жұптық сайыстардың, сондай-ақ іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Ұйымдастырушылар тарапынан wild card (арнайы шақырту) қазақстандық Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлына берілді. Негізгі тордың бірінші кезеңінде Омарханов жапониялық Шинтаро Имаемен кездессе, Нұрланұлы тәжірибелі литвалық, әлемнің бұрынғы 50-ракеткасы Ричардас Беранкиспен ойнайды.

Іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Георгий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бахтияр және 17 жастағы Даниэль Тазабеков сынға түседі.

Айта кетейік, іріктеу матчтары бүгін басталды. Орынбасар түрік теннисшісі Арда Азкармен, Ломакин жапониялық Тайсей Ичикавамен, ал Тазабеков тағы бір жапониялық ойыншы Риотаро Тагучимен кездеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗