Референдум-2026

Астанада Қ.Мұхамедханов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бүгін, 11:11
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Қ.Мұхамедханов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 24-27 шілде аралығында Қ.Мұхамедханов көшесінде Ш.Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскеде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осыған байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерулерін сұраймыз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астана – Қарағанды жолын жөндеу жұмысы шілде айының соңына дейін ұзарды.