Астана – Қарағанды жолын жөндеу жұмысы шілде айының соңына дейін ұзарды
Астана – Қарағанды автожолында орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты аталған жұмыс шілде айының соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осы учаскеде кептелістердің алдын алу үшін балама бағыттармен қатынаған жөн:
• көлік айрығынан оңға қарай айналма жолмен Ақжол көшесіне немесе Алаш тасжолына дейін;
• көлік айрығынан солға қарай айналма жолмен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада Н.Тілендиев даңғылындағы жөндеуге байланысты қаладан шығу айналма жолмен ұйымдастырылады.