Референдум-2026

Астанада Тілендиев даңғылындағы жөндеуге байланысты қаладан шығу айналма жолмен ұйымдастырылады

Астанада Тілендиев даңғылындағы жөндеуге байланысты қаладан шығу айналма жолмен ұйымдастырылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 22-26 шілде аралығында Н. Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі аралығындағы жол төсеміне жөндеу жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалаға кіру бұрынғы тәртіппен жүзеге асырылады. Ал қаладан шығу уақытша жол қозғалысы сызбасына сәйкес ұйымдастырылады.

Жүргізушілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтағаны жөн.

Еске салсақ, Астанада 17-25 шілде аралығында Абай даңғылының Ә.Сембинов көшесінен А.Пушкин көшесіне дейінгі аралығында жол жабыны жөнделеді.